БҚО-да мемлекеттік қызметкерлер енді таксимен жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мемлекеттік қызметкерлер енді таксимен жүреді

08.06.2021

Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер енді таксимен жүреді. Әкімдік қызметтік көліктен бас тартып, бюджет қаржысын үнемдемек. Ол үшін «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алматылық компаниямен келісімшарт жасады. Такси қызметі жаңа 30 көлік сатып алады. Ал облыстық әкімдіктің 30 қызметтік көлігі жаңа кәсіпорынға беріледі. Әуежай, вокзал аумағында ақысыз тұрақ қаралады.

Әлімжан Тоқтасынов, «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы:
Бір жыл ішінде тағы жаңа 30 көлік алып, ендігі жылы 30 тамызға дейін 100 пайыз 60 жаңа мәшине қалада біздің халыққа, мемлекеттік қызметкерлерге такси қызметі жұмыс жасайды деп келісімшарт жасалды. Үш айдың ішінде бұл жұмыс басталады.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу