Көкшетауда көпқабатты үйде өрт болып, 4 жастағы бала көз жұмды

15.06.2020

Оқиға сенбі күні түнгі 23:00 шамасында болды. Пəтерде 3 қыз бала болған. Барлығы от құрсауында қалған. Денелерінің 80-90 проценті күйіп қалған. Екі баланы көршілері алып шыққан. Ал біреуін өрт сөндірушілер шығарды. Алған жарақаттан 2015 жылы туған бала ауруханада қайтыс болды. Қалған екеуінің де жағдайы ауыр. Өрт басталғанда үйде ересектер болмаған. Ата-анасы жол жүріп кеткен, ал 21 жастағы əпкелері дүкенге шығып кеткен.

Өрттің себебі анықталуда.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу