Жел, жаңбыр, аптап ыстық - 15 маусым күнгі ауа райы болжамы

15.06.2020
Жел, жаңбыр, аптап ыстық - 15 маусым күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 15 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, батысында және Солтүстік Қазақстан облысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, орталықта бұршақ жаууы ықтимал. 

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында найзағай жарқылдайды. 

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Алматы, Атырау облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында қатты ыстық күтіледі. 

Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Хабарламаларға жазылу