Қазгидромет: 28 маусымда республиканың басым бөлігінде аптап ыстық күтілуде

28.06.2015
Қазгидромет: 28 маусымда республиканың басым бөлігінде аптап ыстық күтілуде

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 28 маусымда атмосфералық  ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жер-жерлерде күн күркіреп, жауын жауады, жел күшейеді, кей аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Тек солтүстік пен республиканың орталығында ғана ауа райы ашық болады.

Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, ал күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді, Шығыс Қазақстанда кей жерде бұршақ жаууы мүмкін. Ал Алматы облысында кей жерде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде күн күркірейді, күндіз жел күшейеді, жылдамдығы 15-20м/с.

Қарағанды облысында да күндіз желдің күші 15-20м/с.қа жетеді. Атырау облысында аптап ыстық сақталады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігнде аптап ыстық. Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өрт қаупі аса жоғары.  

Хабарламаларға жазылу