Алматы тауларындағы фотоқақпанның біріне ұрғашы ілбіс пен оның екі аланы түсіп қалды. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында бөліскен видеодан жыртқыштардың тау бөктерін емін-еркін кезіп жүргенін байқауға болады. Бұл енді карантиннің пайдалы тұсы шығар. Желідегі жазбаға қарағанда бұл ілбістер бұрын да видеоға іліккен секілді. Ұрғашысының ныспысы да бар екен – «Дана» деп атайды оны автор жазбасында.