Коронавирустан жазылып шыққан адам қан тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан жазылып шыққан адам қан тапсырады

12.06.2020

Коронавирустан айығып шыққан адамның қанынан инфекцияға қарсы иммунды плазма жасалмақ. Қатерлі кеселден жазылған қызылордалық бүгін қан тапсырды.  

Жалпы, облыста мұндай тәжірибе бұған дейін Конго-Қырым гемморагиялық қызбасымен ауырған адамдарға жасалатын. Енді міне, алғаш рет Covid-19 инфекциясын жеңген адамнан қан алынды. Өйткені, коронавирус жұқтырған адамның ағзасында инфекцияға қарсы антидене иммунитеті пайда болады. Сондықтан мұндай адамнан алынған қан, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастар үшін өте қажет екенін айтады дәрігерлер.

Мамандардың айтуынша, бір адамнан алынған 400-600 милилитр қан 3 науқастың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді.

Мамандардың айтуынша, иммундық плазма даярлау әдісі - көптеген елдерде пайдаланып отырған тиімді тәжірибе. Егер Covid-19 індетінен сауығып шыққан адамдар донор болуда белсенділік танытса, аурухана төсегінде ауыр халде жатқан науқастарды аман алып қалуға мүмкіндік мол болар еді.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу