Коронавирустан жазылып шыққан науқас арнамызға сұқбат берді

28.05.2020

Елімізде індет құрығына іліккендердің қатары күн санап артып барады. Алайда, қатерлі дерттің барына әлі сенбей жүргендер жетерлік. Әлеуметтік желіде «бұл вирус жалған», «бәрі өтірік» деген кереғар пікір толыр жатыр. Осындай ойдағылардың талайы опық жегендігін дәрігерлер де айтып отыр. Кенеттен кеселге шалдығып қалған науқастар да жұқпалы дертке салғырт қарамау керектігін айтып дабыл қағуда.

Шығыс Қазақстанда жеңілдіктер енгізілгенімен, Семей тұрғындары әлі қатаң карантинде. Өйткені қалада індет жұқтырғандар көп. Соған қарамастан, вирустың барлығына әлі сенбейтіндер жетіп артылады. Ауруға күмәнмен қарайтындарға семейлік Сара Бураханова өте сақ болу керктігін ескертеді. Өйткені 68 жастағы зейнеткер індетке шалдығып, ем алып жатқалы 1 айдан асқан. Өзімен байланыста болған бала-шаға, туған-туысы түгелдей емханадан бірақ шыққан.

Қазір Шығыс Қазақстан бойынша індеттің ілмегіне ілінгендердің саны 74 адамға жеткен. Оның 57-і Семейден шығып отыр. Абырой болғанда 50 адам жазылып шықты.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу