Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция басталды

05.02.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция басталды

Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция басталды.

«Қан орталығында жылына 45 мың донор қан тапсырады. Күніне үш мың литр қан дайындаймыз. Біз елордадағы 23 клиниканы донор қанымен қамтамасыз етіп отырмыз», - дейді орталық директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова.

Дәрігердің айтуынша, қан кетіп, өмір мен өлім арасында жатқан бір әйел адамды құтқару үшін кемінде 10 адам қан тапсыруы керек. Бүгінгі акция аясында шамамен жүз адамнан артық донор қан тапсырады деп жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу