Елордада карантин шаралары күшейтілуі мүмкін.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.
«Науқастар саны артқанда жағдайда, қаланың бас санитар дәрігері ретінде эпидемиологиялық жағдайды бағалай отырып, коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында шектеу әрі карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға мәжбүр боламын», - деді ол брифингте.
Елорданың бас санитар дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, карантин талаптарын сақтауға, өзінің және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.