Нұр-Сұлтанда карантин режимі қайтадан күшейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда карантин режимі қайтадан күшейтілуі мүмкін

18.05.2020

Демалыс күндері коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Соңғы екі күнде 600-ге жуық адам бірден тіркелді. Сенбі күні 307, ал кеше 283 адамнан індет анықталды. 

Өңірлер бойынша Атырауда бір күнде 86, Шымкентте 60 адам індет жұқтырған. 

Мамандар вирустың бұлайша өсуін тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауынан деп отыр. Маска, қолғап кию, жүрген жерде дезинфекциялық заттарды пайдалану секілді қарапайым сақтық шараларын орындамайды. Бұлай жалғаса берсе, Нұр-Сұлтанда карантин режимі қайтадан күшейтілуі мүмкін.

Сәуле Алдамұратқызы

Хабарламаларға жазылу