Елорда автобустарында санитарлық талаптар сақталмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда автобустарында санитарлық талаптар сақталмай отыр

11.06.2020

Жолаушылар лық толы автобустарда қатынауға мәжбүр. Кейбірі маска да тақпайды. Жолаушылардың амалы жоқ. Бәрі де үйлеріне жеткісі келеді. Енді 50 пайыз тәртібін елейін десе, далада қалатын түрі бар. Таксимен жүрсе, қалтаға салмақ. Осы ретте әлеуметтік арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Керісінше автобусқа мінумен әлек.

Автобустар толық құрамда жолға шықпаған. Негізгі түйткіл осында екенін айтады жүргізушілер. Бұл проблемадан жауапты орган хабардар. Автобустардың жетпей жатқанын мойындап отыр.

Індет өршімесе, бәсеңдеген жоқ. Осы себепті мәселе дереу шешілмесе қауіптің де үдейтіні белгілі. Ал жолаушылар күткен автобусы келгенде 50 пайыз тәртіпке бағынып тұра бермейтіні түсінікті.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу