Айлықсыз жүрген ауыр атлеттер Үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айлықсыз жүрген ауыр атлеттер Үндеу жариялады

09.06.2020

Халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген ауыр атлеттер айлықсыз қалғанын айтады. Ұлттық құраманың көшбасшылары әлеуметтік желіде шағымдарын айтып, үндеу жариялаған. Айтуларынша, жыл басынан бері еліміздің Ауыр атлетика федерациясы оларға ешқандай қаржылай қолдау көрсетпеген. Ай сайын төлеп келген жалақыларын сап тиған.

 Мәселенің мән жайын анықтау үшін Ауыр атлетика федерациясына хабарластық. Алайда, олар мән-жайды түсіндіруден қашқақтап, бұл жағдай бойынша сұхбат беруден бас тартты. Тек жазбаша жауап қатты. Олардың сөзінше спортшылардың олимпиада комитетінен алатын негізгі жалақасы үзіліссіз төленіп келеді. Алайда федерацияның тағайындаған қолдау қаржысы тоқтаған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу