ОСК қазақстандықтарға үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК қазақстандықтарға үндеу жариялады

24.01.2023

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына байланысты үндеу жариялады. Онда ел азаматтарының науқаннан шет қалмауын сұрап, өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілуін қадағалауын сұрап отыр. Ереже бойынша тізім азаматтардың тіркелген жері негізінде жасалады. Алайда дауыс беру күні басқа қалада болатындар немесе тіркелген жері бойынша емес, өзге мекен-жайда тұратындар жергілікті әкімдікке барып, тізімді өзгертуін сұрауы керек.

Мұндай мүмкіндікті дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар; басқа қаладан келген, жатақханада тұрмайтын студенттер; вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.   

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу