Алексей Ни ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін атлеттер тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Ни ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін атлеттер тізімін жариялады

19.05.2016
Алексей Ни ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін атлеттер тізімін жариялады

Төрт жылдықтың ірі бәсекесіне қатысатын спортшылардың нақты тізімі 3-7 маусым аралығында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігінде анықталмақ. Алексей Нидің айтуынша Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Рио Олимпиадасына бармақ. Олар:

Ерлер: Илья Ильин, Владимир Седов, Александр Зайчиков, Кирилл Павлов, Денис Уланов, Нижат Рахимов, Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакаров, Фархат Харки, Арли Чонтей, Айдар Казов, Александр Ким.

Қыздар: Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Жазира Жаппарқұл, Маргарита Елисеева, Карина Горичева, Надежда Ногай, Сәуле Сәдуақасова, Әсем Садықова және Александра Аборнева.

Рио Олимпиадасына Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан 6 ер спортшы және 4 қыз спортшы қатысады.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан ел біріншілігі 3-7 маусым аралығында Талдықорған қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу