Байден ант беріп, қызметіне кіріседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден ант беріп, қызметіне кіріседі

20.01.2021

Бүгін АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден ант беріп, қызметіне кіріседі. Пандемия кезінде өткізілетін рәсімде қауіпсіздік қатаң сақталмақ. Ол үшін Ұлттық гвардиядан 25 мыңдай сарбаз жұмылдырылған. Олардың әрқайсысы лаңкестермен байланысының бар-жоқтығына қатысты бірнеше мәрте тексеруден өткен. Салтанатты шараға мыңға жуық қонақ қатысады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін олардың саны 200 мыңнан асатын. Байден халықты үйде қалып, инаугурацияны теледидардан көруге шақырды. Ал биліктен кетіп бара жатқан Дональд Трамп шараға қатысудан бас тартты. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу