Ақмола облысында ірі қара мал белгісіз індетке шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ірі қара мал белгісіз індетке шалдықты

13.07.2021

Ақмола облысының бірнеше ауылында ірі қара індетке шалдықты. Жем шөп жемей қойған сиырлардың не ауруға шалдыққанын ветеринарлар тап басып айта алмай отыр. Індет Степногорск қаласының маңындағы және Ақкөл ауданындағы бір-біріне жақын орналасқан елдімекендерде тіркелді. Мән-жайды Ермек Елберген анықтады.

Белгісіз індет әуелі Ақкөл ауданының Азат ауылында тіркелген. Елдімекендегі 400-ден астам ірі қара түгел ауырған. 10 шақтысы өліп қалды. Арасында Бауыржан Айсаханның да бір сиыры бар.

Бауыржан Айсахан, Азат ауылының тұрғыны:
Тілі салақтап, аузының бәрі уылып, ауданның түгел ветврачтары келіп, түрлі-түрлі уколдар салып, сол енді ауыл үлкен ғой барлығына үлгермей, қолымыздан келгенін барын жасадық. Бір мал өлді, біреуі жазылды.

Тұрсынхан Әмірханұлы, Азат ауылының тұрғыны:
Аузынан су ақты, көбік. Ауызы уылды. Шөп жей алмай қалды. Тұрып жүрен алмай қалды. Аяғына жара шығып, ақсап қалды.

Ал көршілес Қарабұлақ ауылында 130-дан астам ірі қара ауруға шалдыққан. Әйтеуір өлген мал жоқ. Дегенмен, күні төрт түлікке қараған ауыл тұрғындарына кеселден келген шығын көп.

Алтынай Рақымжанова, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:
Бір укол 2 жарым мың тұрады. Бізге ешқандай көмек жоқ. Вакциналарды ғана қояды, қан алады. А так біз ешқандай дәрі алмаймыз. Бізге бермейді.
Алеся Кадол, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:
Бір ампула 9 мың теңге. Тағы біреуі 5 мың. Барлығын есептегенде 200 мың теңге ақша кетті дәрі-дәрмекке. Осы күндері сүтін қолдана алмадық, яғни табыс жоқ. Ақты төгуге тура келді.

Бастапқыда жергілікті мамандардың өздері абдырап қалған. Індетке қарсы дәрі-дәрмек твппай, әбігерге түскен ветеринарлар Үкіметтен көмек сұрайды.

Олжатай Фазылов, мал дәрігері:
Бізге Үкіметтен аздап көмек болса, дәрі болса бізге. Біздің қолымызда ештеңе жоқ. Ешқандай дәрі жоқ. Індетке ұшыраған күні қайда барарымызды білмедік.

Зертханаға жіберілген сынамалардың нақты нәтижесі жоқ. Мамандар қандай ауру екенін дөп басып айта алмай отыр.

Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.а.:
Сынамалардың келген жауабында аса қауіпті аурудың тіркелмегендігі белгілі болды. Лабороториядан сынамалар болмағандықтан біз клинический метод дейді, малдың ауруы қалай көрініп тұр, соған қарсы емдік шаралар жүргізіп, малдар емделіп кетіп жатыр.

Бүгінде көршілес орналасқан 5 ауылдың малы ауырған. Олардың көбі емделіпті. Мамандар аса қауіп жоқ дегенмен ауыл тұрғындары әлі де алаңдаулы.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу