Қарағанды облысында 46 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 46 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

12.06.2020

Қарағанды облысында бүгінгі күнге дейін 46 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны жұқтырған. Бір санитарлық дәрігер қауіпті індеттен қайтыс болды. 1963 жылғы азамат Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде тұрған. Ол қатерлі дертке қарсы күрес бойынша қауырт жұмыстарға араласқан. Ал бір ғана Шет ауданында ас беріліп, оған қатысқан 21 адам індетке шалдықты. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу