Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінде ауқымды виртуалды көрме өтуде. Онда ҚарЛАГ-та болған тұтқындардың қолынан шыққан қылқалам туындылары қойылған. Көрмеде 1200 картина тұр. Әрқайсысының мағынасы мен бояуы зұлматты кезеңнен сыр шертеді. Кейбірі сол жылдардағы саяси тапсырыспен салынған дүниелер екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Бұл - тұтқындағылардың азапты өмірін аша түскен. Көп туындының астарында айтар ой, жанайқай жатыр. Көрменің виртуалды көрсетілімін музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларынан тамашалауға болады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ