Халықаралық рейстерге билет алуға асықпау керек

01.06.2020

Елдегі эпидахуал нашарлап кетсе, блокбекеттер қайта қойылуы мүмкін. Блокбекеттерді алып тастау шешімі үйлеріне жете алмай қалғандардың жақындарымен қауышуы үшін ғана жасалып отыр. Еліміздің көліктегі бас санитарлық дәрігері осылай деп мәлімдеді. Сәдуақас Байғабылов карантин кезінде жолаушылардың қатаң ұстануы қажет шараларды түсіндірді. Атап айтсақ, әзірге жолаушылар пойызы ішінде сауда жасауға болмайды. Ал егде жастағы кісілердің қолжүгін көтерісуге нысан ішіндегі қызметкерлер мен жолсеріктер жәрдемдеспек. Сондай-ақ, көліктегі бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарға әзірге халықаралық рейстерге билет алмауға кеңес берді.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу