Елімізде пандемиядан кейін киім-кешек саудасы тұралап қалды

31.05.2020

Блокбекеттер ашылып, қозғалыс, демек тіршілік жандана түспек. Бірақ біздің экономика – шикізатқа байланған экономика сол сипатымен қалса, бейнелеп айтқанда әрең тұрған «бөренелер» де құлайды. Қарапайым мысал, жазғы киім алуға асыққан жұрттың арасында іздегенін таба алмай қалғандары бар. Себебі сырттан тауар тасылмай қалды. Қымбатшылық туғаны өз алдына бір тақырып.

Жеңіл өнеркәсіптің ауыр тағдыры туралы мың сан айтылды. Енді қарапайым заттар экономикасы жайлы бағдарлама шықты. Нарықта «мемлекет нашар менеджер» саналады, мемлекеттің ролі - тауар, өнім шығаратындарға жағдай жасап беру. Сөйтіп азаматтардың бірін бірі киіндіріп, бірін бірі тамақтандырып, бір-біріне қызмет көрсетуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Оны мемлекеттік органдар білмейді емес, біледі. Әйтеуір сондай мәлімдемелер жасалып, сондай әңгіме айтылады. Бірақ одан «көйлек» киіп жатқамыз жоқ.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу