Елжан Біртанов: Коронавирусты тоқтату үшін санитарлық талаптарды сақтауымыз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Коронавирусты тоқтату үшін санитарлық талаптарды сақтауымыз қажет

27.05.2020
Елжан Біртанов: Коронавирусты тоқтату үшін санитарлық талаптарды сақтауымыз қажет

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты ұжымда жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді.

«Қазіргі кезде көп науқас вирусты жұмыс орнында жұқтырып жатыр. Сондықтан мүмкіндігінше жұмыс орнындағы адамдардың санын азайтуымыз қажет. Интернет арқылы қашықтан жұмыс істеуіміз керек. Мысалы, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей бергені жөн. Сол кезде адамдардың арасы алшақ болып, инфекцияның таралуы тоқтайды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, індетті тоқтату үшін әр азамат карантиндік, санитарлық талаптарды сақтауы қажет.

«Коронавирус толқынды жағдаймен келе жатыр. Карантин жағдайында төмен түседі. Бірақ карантиндік шектеулерді алып тастасақ, қайта күшейеді. Бұл - тек Қазақстанда емес, бүкіл дүниежүзінде болып жатқан жағдай. Мұны дұрыс түсінуіміз қажет. Пандемияны тоқтатуымыз үшін әр азамат карантиндік шараларды сақтауы қажет», - деді Елжан Біртанов.

Хабарламаларға жазылу