Қазақстанда шектеу шаралары күшеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шектеу шаралары күшеюі мүмкін

30.09.2020

Коронавирусқа байланысты елімізде шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін. Әсіресе, әуежай мен шекара бекеттерінде. Әлемдегі эпидахуалдың ушығып жатқанын алға тартқан Денсаулық сақтау министрі бүгін Үкімет отырысында осындай ұсыныс айтты. 

Алексей Цой Италия, Германия, Беларусь, Түркия және Ресейде жағдай ушығып тұрғанын, жұқтыру дерегі Қазақстанға қарағанда 10 есе көп екенін айтты. Сондықтан 5 қазаннан бастап халықаралық рейстерді шектеп, Түркияға рейстерді азайту керек дейді. Әрі әуежайда екінші санаттағы елдерден келген жолаушылардан мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтама талап ету қажет. «Егер болмаса, екі күнге оқшаулап, зертханалық тексеру жүргізу керек», - деді министр.

Бұл ұсыныс комиссияның отырысында қаралатынын айтқан Премьер-Министр, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға тапсырма берді. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдармен өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етсін. Санитарлық ережені бұзудың кез келген жолын кесу қажет. 

Досжан Маратұлы

үкімет отырысы коронавирус карантин COVID-19 Асқар Мамин Алексей Цой шектеу шаралары

Хабарламаларға жазылу