ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жөнінде ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жөнінде ескерту жасады

26.05.2020
ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жөнінде ескерту жасады

ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жөнінде ескерту жасады.

Коронавирус жұқтыру деректері азайған елдер бақылауды әлсірететін болса, індеттің екінші толқыны қайта өршуі мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Майкл Райан айтты.

Оның айтуынша, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті.

«COVID-19 бірінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Пандемияның екінші толқынына қатысты «әуелі өсім, содан соң төмендеу байқалып, кейін бірнеше айдан соң жұқтыру дерегі қайта көбеюі мүмкін» деген классикалық түсінік бар. Алайда біз дерттің кез келген сәтте асқынып кетуін есте сақтауымыз керек. Қазір қандай да бір қорытындыға келе алмаймыз, әлемде науқастар саны азайып жатқанда, біз екінші толқынға дайындалуымыз керек», - деді ДДСҰ өкілі.

Пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі ықтимал. Осыған орай, әлем елдері денсаулық сақтау саласындағы кешенді шараларды жалғастыруы тиіс, коронавирусқа тестілеуді тоқтатпай, оның таралу жолдарын зерттеуі қажет. Сондай-ақ инфекцияның екінші толқынын болдырмас үшін әлеуметтік шараларды күшінде қалдырған жөн.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу