Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жарияланды

22.05.2020
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жарияланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жариялады.

Басты мақсат - жас журналистерді қолдау, оларды кәсіби тұрғыдан ынталандыру.

Сыйлық 4 аталым бойынша табысталады: 

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік телевизиялық сюжет;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік жазба (әлеуметтік желіде);

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы журналистер мен фотографтар, блогерлер қатыса алады.

Өтінімдер 26 мамыр – 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады.

Жеңімпаздардың есімі Журналистер күні қарсаңында анықталады.

Хабарламаларға жазылу