«Астана клубының» төртінші отырысы  12-13 қарашада «Назарбаев орталығында» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана клубының» төртінші отырысы  12-13 қарашада «Назарбаев орталығында» өтеді

26.10.2018

Биылғы «Астана клубының» төртінші отырысына 33 елден 50-ден астам спикер қатысады. Олардың қатарында Еурокомиссияның бұрынғы басшысы мен Хорватия, Польша және Бельгияның экс-президенттері бар. Саяси форум Еуразияны дамыту үшін күрделі түйіндерді шешу, аймақта ынтымақтастықты дамыту және өткен жүз жылдықтың тәжірибесін ұғыну мәселесін талқылауға арналады.

«Астана клубының» төртінші отырысы  қарашаның 12-13 -і күні елордадағы «Назарбаев орталығында» өтеді.

Серік Бейсембаев, ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әэси сарапшысы:

Біздің күтетініміз, ең алдымен түрлі тараптардың ойларын ортаға ашық салуы, өздерінің жоғарғы деңгейдегі эксперттік білімдерімен бөлісуі және мәселелерді шешудегі Қазақстанның рөлін анықтауы. Екі күннің ішінде менің ойымша, қызу әрі қызықты дискуссия болады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу