13-14 қарашада Астана клубының үшінші отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13-14 қарашада Астана клубының үшінші отырысы өтеді

02.11.2017
13-14 қарашада Астана клубының үшінші отырысы өтеді

2017 жылғы 13-14 қарашада «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбындағы Астана клубының үшінші отырысы өтеді.

 

Назарбаев орталығындағы пікірталас алаңы 28 мемлекеттен келген 60-тан астам қатысушының басын қосады, олардың қатарында, жоғары лауазымды саясаткерлер, бұрынғы мемлекет басшылары, дипломаттар мен алдыңғы қатарлы сарапшылар бар.

Астана клубының үшінші отырысының басты тақырыбы - «Үлкен Еуразия» трансформациясы: алдағы онжылдықта еуразиялық кеңістікті қалыптастыратын геосаясаи, аймақтық, экономикалық және технологиялық трендтер.

Астана клуб отырыстары «Chatham house» ережесі бойынша өткізіледі. Биылғы жылы оның белгілі саясаткерлер мен беделді сарапшылардан тұратын қатысушылары жаһандық үрдістер мен Еуразияға ықпал етіп жатқан ең өзекті мәселелер бойынша шешімдер іздейді.

 

Астана клуб ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).

Серіктестері: Халықаралық бейбітшілікті қолдаушы Карнеги қоры, Қытайдың заманауи халықаралық қатынастар академиясы (CICIR), Ресейдің халықаралық істер бойынша кеңесі (РСМД).

 

Анықтама:

 

Астана клуб - Сарапшы-саясаткерлер қауымдастығының алдыңғы қатарлы өкілдерінің диалогын дамытуды, жаһандық үрдістер мен Еуразияға ықпал етіп жатқан ең өзекті мәселелер бойынша шешімдер іздеуді көздейтін халықаралық пікірталас алаңы.

 

Астана клубының отырыстары дәстүрлі түрде Назарбаев Орталығында өткізіледі (Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Кітапханасының ғимараты).

 

Астана клубының алғашқы отырысы 2015 жылғы 8-12 қарашада өтті, талқылау тақырыбы – «Еуразияның геоэкономикасы». Іс-шараға 15 мемлекеттен (Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, АҚШ, Түркия және т.б.) 50-ге жуық интеллектуалды және саяси элита өкілдері қатысты.

 

Клубтың екінші отырысы 2016 жылғы 14-16 қараша аралығында өтті, оның жұмысына Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция, Жапония сияқты жалпы саны 21 елден 60-қа тарта беделді саясаткерлер мен алдыңғы қатарлы сарапшылар қатысты. Отырыс аясында Еуразия кеңістігіндегі өзгерістер мен сын-тегеуріндер талқыланды.

Хабарламаларға жазылу