Сырдария өзенін арнайы қондырғымен тазалай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдария өзенін арнайы қондырғымен тазалай бастады

18.05.2020

Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазалау жұмыстары басталды. Жоба құны 5 миллиард теңге. Қазір құм басқан дарияның табанын жерснаряд қондырғысымен тазалап жатыр.

Жалпы Сырдарияның арнасын кеңейтіп, жаңартпағалы отыз жылдан асты. Содан бері, дарияны қайыр басып, ұлтаны әбден құмға толған. Сең жүргенде мұз кептеліп, судың тасуына қауіп төндіреді. Сондықтан, жобаның маңызы зор. Алдағы үш жылда өзеннің қала аумағындағы 8 шақырым аралығы түгел тазартылады.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу