Өзбекстан Сырдария өзенін сақтауды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан Сырдария өзенін сақтауды қолға алды

28.03.2024

Өзбекстан Сырдарияның жағалауындағы ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қолға алды. Өйткені бұл өзендегі судың сапасын бақылау, ластану себептерін анықтау мен әсерін азайту жөнінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында келісім бар. Осы уағдаластықты орындау үшін өзбек билігі өзен табанындағы қазба байлықтарды өндіруге мораторий жариялады. Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, шектеу 1 мамырдан бастап жүзеге асады. Яғни, дариядан қиыршық тас, құрылысқа қажетті құм, керамзит өзге де заттарды қазып алуға болмайды. Ал қазба байлықтарын заңсыз өндіру арқылы қоршаған ортаға зиян келтіргендерге жаза қатаңдатылады.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу