Елордада бүгін базарлар мен бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бүгін базарлар мен бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады

18.05.2020

Елордада қызметін қайта бастағандар қатарында мешіттер, бала-бақшалар мен мейрамхана, кафелер бар.

Қаладағы орталық базар күнделікті таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін ашық болады. Санитарлық нормаларды сақтау міндеттелген. Алайда, аталмыш талапқа құлақ асып жатқандар шамалы.

Бүгін мешіттер де есігін айқара ашты. Тек жұмыс істеу тәртібі өзгерген. Таңғы 7 мен кешкі 7-ге дейін құлшылық етуге рұқсат. Алла үйінде намаз оқитындарға 15 минут қана беріледі. Ал ертең Қадір түні.

Халық мейрамхана мен кафелердің ашылуын да көп күтті. Қазір сыйымдылығы 50 орыннан аспайтын мейрамханалар ғана жұмысына кірісті. Сондай-ақ олар бір уақытта қонақтардың саны 30-дан асырмауы тиіс. Карантин жеңілдетілгенімен, бақылау тоқтамады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу