Елордада 65 мыңдай адам жұмысқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 65 мыңдай адам жұмысқа шығады

28.04.2020

Елордада екінші кезеңде ашылатын кәсіпорындарда 65 мыңдай адам жұмысқа шығады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Барлық нысандар санитарлық талаптарды сақтауға міндетті. Ашылған нысандар арасында салалық дүкендер де бар. Ал халықтың сауда орындарына көп баратыны түсінікті. Бүгін, тіпті, сондай жерлердің бірінде кезек болды.

Иә, вирус бәрін бір уыс қылды. Бірақ, қорқып, қол қусырғаннан қу тірлік өнсін бе?! Сондықтан Үкімет халыққа аса қажетті бірқатар нысанның кезең-кезеңмен ашылуына рұқсат берді. Ал кешеден бастап саяжай иелері, тұқым сататын дүкендер, риелторлық агенттіктер мен мүлікті бағалау қызметтері, банк пен микроқаржылық ұйымдар, сақтандыру компаниялары да жұмысын қайта бастады.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу