Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтауы мүмкін

18.05.2020

Алдағы уақытта Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктердің қозғалысы қайтадан тоқтауы мүмкін. Бұған жолаушылардың карантиндік талаптарға бей-жай қарауы себеп екенін айтады мамандар. Тұрғындар маска тағу, қолғап киу, жүрген жерде дезинфекциялық заттарды пайдалану секілді қарапайым талаптарды сақтамайды. Егер жағдай бұдан әрі ушығатын болса, Елордада карантиндік шара қайтадан күшейтіледі.

Көліктік бақылау департаментінің мамандары таңғы 6-дан көлік тоқтағанша бақылап жүреді. Айтуларынша, сақтық шараларын сақтамай, ескертуге қарсы шығатындар да бар.

Қоғамдық көлік жүре бастағанда маскасыздар көп болған. Қатаң талаптың арқасында қазір тәртіпке келе бастады. Маскаң жоқ болса, жарты жолда қаласың.

Заң бойынша жолаушыларға ешқандай құқықтық жаза қолданылмайды. Тек ескертумен шектеледі. Сондықтан бұл мәселеде кез-келген адамның жауапкершілігі зор болуы керек.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу