Пандемия салдарынан адамдарда психикалық аурулар көбеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия салдарынан адамдарда психикалық аурулар көбеюі мүмкін

14.05.2020

COVID-19 пандемиясынан адамдарда психикалық аурулар күрт көбеюі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы хабарлап отыр. Белгісіз дерт, оқшаулау режимі, экономикалық дағдарыс жүйке жүйесіне әсер етпей қоймайды. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, тіпті медициналық қызметкерлердің психологиялық көмекке зәру екені анықталған.

Ал Аргентинада әлеуметтік көмекке көңілі толмаған халық наразылық білдіріп жатыр. Олар үкіметтен берілетін қаражатты арттыруды талап етуде.

Германия мен Австрия болса экономикалық дағдарыстан шығу үшін осы аптада шекараларын ашуды жоспарлап отыр.

Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-ты пандемияны әлемде өз тәртібін орнату үшін пайдалануда деп айыптады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу