Әлемдік жұлдыздар хакерлік шабулдардың құрбаны болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік жұлдыздар хакерлік шабулдардың құрбаны болды

13.05.2020
Әлемдік жұлдыздар хакерлік шабулдардың құрбаны болды

Мадонна, Леди Гага, Роберт Де Ниро, Элтон Джонс және өзге де әлем жұлдыздары хакерлік шабуылдардың құрбаны болды. Кибершабуылдаушылар Нью-Йоркте орналасқан Grubman Shire Meiselas & Sacks адвокаттық кеңсесінің компьютерлік жүйесін бұзып, 756 гигабайт ақпартқа қол жеткізгендерін мәлімдеуде.

Дәлел ретінде хакерлер алвокаттық кеңсе өкілдеріне Мадоннаның 2016-2020 жылдарға арналған Madame X әлемдік турына қатысты келісім шартын көрсетіп, қыруар қаржы талап етуде. Барлық ақпараттарды қайтарып алу үшін әзірге келісілген баға жоқ. Олар егер компания қаражат беруден бас тартса, төменде көрсетілген файлдардың барлығын жариялайтынын жеткізді.


Кибершабуылдаушылар арасында REevil және Sodinokibi атпен танымал хакерлер бұған дейін де Travelex компаниясының ақпарттарын ұрлап, ақша талап еткені белгілі болды.

Дереккөз: BBC


Хабарламаларға жазылу