Ғалымдар теңіз деңгейінің апатты жағдайға дейін көтерілуін болжап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар теңіз деңгейінің апатты жағдайға дейін көтерілуін болжап отыр

13.05.2020
Ғалымдар теңіз деңгейінің апатты жағдайға дейін көтерілуін болжап отыр

Сингапурдегі Наньян технологиялық унивеситетінің ғалымдары бастаған халықарлық зерттеушілер тобы алдағы жүз жылдықта теңіз деңгейінің көтерілуі апатты деңгейге жетеді деп болжап отыр. Олардың айтуынша, су деңгейінің жоғарлауы салдарынан аралдық мемлекеттер мен мұхит жағалауларындағы ірі мегаполистер қатты зардап шегуі мүмкін.

Ғалымдар келтірген зерттеу нәтижиелеріне сүйенсек, 2100 жылға қарай ауа температурасы индустриялдық кезеңмен салыстырғанда 2 градусқа жоғарылаған жағдайда теңіз деңгейі жарты метрге көтеріледі. Ал 2300 жылы бұл көрсеткіш 2 метрге дейін көбейеді. Зерттеушілер қазіргі таңда ауа температурасының жылдам көтерілуіне алаңдаулы екенін жеткізді.

Мамандар ауа температурасының көтерілуі Гренландия және Антарктида мұз қабаттарының тез еруіне әкелуде деп дабыл қағуда. Олардың пікірінше, атмосфераға шығарылып жатқан өндіріс саласындағы көміртегі мөлшерін азайту жағдайға оң әсер беруі мүмкін.

Lenta


Хабарламаларға жазылу