Атырауда Каспий теңізіндегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Каспий теңізіндегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген жоқ

16.06.2014
Атырауда  Каспий теңізіндегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген жоқ
Атырауда әзірге Каспий теңізіндегі су деңгейі шамадан тыс көтерілген жоқ. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өткізген арнайы брифингте айтылды.
 
Жадыңызға салайық, «Қазгидрометтің» қызметкерлері 15-16 маусымда теңіз суы қауіпті деңгейге, яғни 128 сантиметрге көтеріледі деген болжам айтқан болатын.
 
Соның салдарынан теңіз жағалауынан 5-7 километр қашықтықта орналасқан елді мекендер суға кетуі мүмкін деген еді.  Алайда теңіздегі су деңгейінің көтерілу көрсеткіші 111 сантиметрден асқан жоқ.
 
Бұл - қауіпті жағдай болып есептелмейді. Бүгінгі күні құтқару шараларын жүргізуге 3 мыңнан астам адам мен 500-ге жуық  техника сақадай сай тұр.
 
Бұған қоса, ұзындығы 3 километрден астам теңіз жағалауындағы бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді.
 
Марат Құрманов, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Соңғы мәлімет бойынша, теңіз суының деңгейі 106 сантимерге көтерілген. Алайда бүгін бұл көрсеткіш өзгеріп, 127 сантиметрге жетеді, деген болжам бар. Қазір «Қазгидрометтің» қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен шекарашылар су деңгейінің көтерілуін бақылауда ұстап, әр сағат сайын оның көрсеткішін мәлімдеп отыр.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу