Қуыршақ театры Жеңіс күніне орай онлайн қойылым қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуыршақ театры Жеңіс күніне орай онлайн қойылым қойды

06.05.2020

Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры карантин кезінде балаларға сый жасады. Олар өздерінің қойылымдарын онлайн форматта ұсынды. Мұндай тәсіл телефон мен планшетке үйір балғындарға ерекше көңіл күй сыйлайтыны анық. Қуыршақ театрының репертуарында қазақ және әлемдік классикалық ертегілер бар. Ал осы жолы Жеңіс күніне орай театрландырылған ерекше көрініс қойды. Қойылым «Сарбаздың бақырашы» деп аталады. Әртістер сарбаздың тамақ салатын ыдысына жан бітіріп, оны соғысқа аттандырады. Өз күшімен жауды жеңіп, аман есен келген қаңылтыр ыдыс бүлдіршіндерге соғыс кезіндегі оқиғаларын баяндап береді. Осылайша, өнерпаздар өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздың ерлігін паш етті.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу