Екінші, бесінші және жетінші сыныптарға арналған оқулықтар толық жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші, бесінші және жетінші сыныптарға арналған оқулықтар толық жаңартылады

17.03.2017

Яғни, алдағы қыркүйектен бастап аталған сынып оқушылары жаңа мазмұндағы оқулықтармен білім алмақ. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева пәндік комиссиялардың жұмысын қорытындылаған брифингте мәлімдеді.

Жалпы, комиссия қарауына 1000-нан астам оқулық ұсынылып, 130-ы іріктеп алынған.

«Бір жыл бойы зерттеліп, сарапталған оқулықтардың барлығы балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Әрі мазмұны жағынан ескі оқулықтардан айырмашылығы жер мен көктей», - дейді мамандар.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу