Антарктиданы «жасыл қар» басуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антарктиданы «жасыл қар» басуда

22.05.2020
Антарктиданы «жасыл қар» басуда

Кембридж университетінің ғалымдары Антарктида мұзының астын микроскопиялық балдырлар жайлап жатыр дейді. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта мекеннің «жасыл түсті қарын» ғарыштан да көруге болды. Зерттеушілер 2017 және 2019 жылдары Еуропа ғарыштық агенттігіне тиесілі Santinel 2 жерсерігінің түсірген суреттерін дәлел етіп отыр.


Өсімдіктердің басым көпшілігі Антарктиданың батыс жағалауы мен аймақтағы кішігірім аралдарда байқалады. Ғалымдар бұл жақтағы орташа ауа температурасы жазғы уақытта 0 градустан да жоғары деп отыр. Климаттың өзгеру жылдамдағы осы қалыпта жалғаса берсе, жасыл балдырлар материктің басқа да аймақтарына тарауы мүмкін.

Nature Communications


Хабарламаларға жазылу