Теңге бағамының өзгеруіне байланысты Ұлттық банк төрағасы түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге бағамының өзгеруіне байланысты Ұлттық банк төрағасы түсінік берді

04.09.2018

«Теңгенің әлсіреуі баға мен тарифтерге қысым көрсететінін атап өткен жөн». Бұл елдегі инфляцияның жайын баяндаған Ұлттық экономика министрі  Тимур Сүлейменовтың сөзі. Оның айтуынша, «баға мен ұлттық валюта арасындағы жоғары корреляцияны ескере отырып, инфляция деңгейі 1 пайыздық тармаққа ұлғаюы мүмкін». Министр төртінші тоқсанда инфляциялық процестердің күшейе түсетінін ескертті. Осыған байланысты атқарушы билік жергілікті жерде қызу жұмысқа кірісу керектігіне назар аударды. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Осыған байланысты әкімдіктерге тұрақтандыру қорларын толтыру, отын-көмір және дизель отынын кедергісіз жеткізу бойынша жұмыстарды қатаң назарда ұстау қажет деп есептейміз.  

Бас банкир Данияр Ақышев та инфляция үдей түседі деген пікірде. Бұған Ресейге салынып жатқан санкциялардың салқыны ықпал еткен. Әрі ұлттық валютаның әлсіреп, мұнай бағасының құлдырауы да түрткі болған. Ақышев Үкімет пен жергілкті орган басшылары бірлесе отырып, Ресейге тәуелді нарықтардың мониторингісін жүргізу керектігін ескертті.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу