Польшада Президент сайлауы пошта арқылы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада Президент сайлауы пошта арқылы өтеді

04.05.2020
Польшада Президент сайлауы пошта арқылы өтеді

10 мамыр күні Польшада кезекті президент сайлауы пошта қызметі арқылы өткізілмек. Коронавирус пандемиясына байланысты елдегі оппозиция өкілдері сайлауды кейінге шегеруді талап еткенімен, билік сайлау уақыты өзгермейтінін жеткізіп отыр.

Президенттік сайлауды қашықтықтан өткізуді Польша сеймі (парламент) сәуір айында мақұлдаған болатын. Алдағы уақытта бұл бастама сенаттан қолдау тапса, 10 мамырдағы сайлау пошта арқылы жүзеге асады.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравцкий қашықтықтан өтетін сайлау қауіпсіз болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Еурокомиссия да Польшадан ашық әрі әділ президенттік сайлау күтетін жеткізді.

Мемлекет басшысына үміткерлер қатарында Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Сарапашылардың айтуынша, оны дауыс берушілердің басым көпшілігі қолдауға дайын. Ал елде жүргізілген әлеуметтік сауланамаға сәйкес Польша азаматтарының 30%-ы ғана 10 мамыр күні болатын сайлауға қатысатынын жеткізген.


Euronews

Хабарламаларға жазылу