Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

04.05.2020
Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

4 мамыр күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

Хабарламаларға жазылу