Ұшақпен ұшатындарға арналған талаптар халыққа тиімсіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақпен ұшатындарға арналған талаптар халыққа тиімсіз

30.04.2020

Ұшақпен ұшатындар міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыруы тиіс деген талапқа көпшілік наразы. Бүгін әуе компаниялары да ол шектеудің тиімсіз екенін айтты. Өйткені, анықтаманың құны кейбір ұшақтың билетінен де қымбат. Мәселен, қазір билет құны 10 мың мен 30 мың арасында болуы тиіс деп бекітілген. Ал анықтама – 20 мың.  

Бір ай бойы жабық тұрған Елорда мен Алматының әуежайлары ертеңге қызу дайындалып жатыр.

Әзірге билет бағасы қалыпты. Бірақ компания басшылары бұл бағаны 10-шы мамырға дейін ғана ұстап тұра алатынын айтады Онсыз да олар карантин уақытында 300 миллиард теңгедей шығынға батыпты.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу