Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуына тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуына тыйым салынады

29.04.2020

Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлық алуына мүлде болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов осылай деді. Агенттік өкілі таныстырған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.

Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер құны 10 айлық есепті көрсеткіштен аспайтын сыйлықты қабылдай алатын. Енді оған да рұқсат жоқ. Тіпті, өзі жоқ кезде сыйлық қалдырып немесе шотына ақша аударып жіберген болса 7 күн ішінде оны мемлекетке қайтаруы керек.

Құжатта мемлекеттік қызметке тамыр-таныс арқылы орналасуды болдырмау мәселесі да қамтылған. Жұмысқа орналасар алдында үміткер сол салада жұмыс істейтін туыстары жайлы ақпарат беруге міндеттеледі. Бұл бармақ басты көз қыстылықты біршама азайтуға мүмкіндік беретінін айтады агенттік өкілі.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу