Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық алуға тыйым салатын заңға Президент қол қойды. Құжатқа сәйкес квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік бюджет қаржысымен жұмыс істейтін мамандарының статусы да мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілген.
Сондай-ақ жедел іздестіру қызметі мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне де қатаң жаза тағайындалады. Бүгін осы тақырып аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Агенттік төрағасы бірінші орынбасарының сөзінше, мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынып отыр. Атап айтсақ, 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев мемлекеттік қызметшіге сыйлық жасауға тыйым салатын заңға қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/132017/)