Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуына тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуына тыйым салынады

17.09.2020

Бұдан былай шенеуніктердің сыйлық алуына тыйым салынады. Бүгін осыған қатысты арнайы заң жобасын Сенат екінші оқылымда қарап, бірнеше түзетулер енгізді. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- Енді мемлекеттік қызметкерлерге кез келген сыйлықты, оның құны қандай болсын алуға болмайды. Ол ол ма? Сыйлықты отбасы мүшелеріне де алуға тыйым салынғалы отыр. Заңның 4-бабына өзгеріс енгізілді. 

Нұрлан Бекназаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Квазимемлекеттік қызметкерлердегі ұлттық қордан бөлініп жатқан бюджеттік қаражатын мемлекеттік сатып алуға қатысты заңбұзушылықтар болған жағдайда, оның жауапты қызметкерлері де, сол аталған сектордың осы мемлекеттік қызметкерлердің санатына теңестірілгендер де жауапкершілкке тартылады. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- ҚР ҚК 412-бабына да өзгеріс енгізілді. Сенат заң жобасына бірнеше түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды.


Хабарламаларға жазылу