Елімізде кибер шабуылдан сақтандыру мәселесі қалай шешілмек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кибер шабуылдан сақтандыру мәселесі қалай шешілмек?

28.04.2020

Жеке мәліметтер желіге тарап кетсе ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды. Елімізде осы өзекті мәселе көптен көтеріліп жүр. Сондықтан дербес деректерді қорғауды құзыретті орган қолына алуы керек. Бұл қазір цифрлық технологияларды реттеу туралы заңда қаралып жатыр. Сондай-ақ интернет алаяқтардан төнетін шығынды өтеу үшін кибер сақтандыру жайы да қызу талқыда.

Әлемде құпия ақпаратты уысынан шығарып алғандарға айыппұлды аямай салған сайын сақтандыруға сұраныс артып отыр. Ал бізде былтыр 11 млн қазақстандық пен мыңдаған науқастың жеке дерегі жалғыз сәтте жария болды. Кім кінәлі? Сұрақ әлі күнге дейін жаупсыз. Осыдан соң құқықтық құжат әзірленді. Қазір цифрлық технологияларды реттеу туралы заң мәжілісте қаралып жатыр.

Қазір жеке тұлғалар мен ірілі - ұсқаты компаниялар кибер шабуылға жиі ұшырайды. Былтыр 2 жарым миллиард соққы жасалған. Пароль бұзып, төлем карталарын тонау 31%-ға артты.

Жалпы соңғы 5 жылда кибер сақтандырудың әлемдік нарығы 20 млрд долларға жеткен. ІТ мамандар бұл жүйе бізге ену үшін әлі 2 жыл кететінін айтып отыр.


Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу