Әлемнің 150 мемлекетінің 300 мың компьютері кибер шабуылға ұшырады

16.05.2017

Әлемнің 150 мемлекетінің 300 мың компьютері кибер шабуылға ұшырады. Мұны бүгін Ақ Үйдің Ішкі қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Том Боссерт мәлімдеді.  Болжамдарға қарағанда, шабуылды ұйымдастырушының Солтүстік Кореямен байланысы болуы мүмкін. Себебі, осыдан 3 жыл бұрын «Сони» серверлерін бұзуда да осы құпия кілт қолданылыпты. Бұл қылмыс бойынша, дүние жүзінің IT мамандары зерттеуін  жалғастырып жатыр.

Естеріңізге салсақ, өткен аптадан бері «WannaCry» вирусы жаһан банктеріндегі, мемлекеттік мекемелердегі маңызды компьютерлік жүйелерді істен шығарып жіберген-ді. Елімізде кибер шабуылдан зардап шеккен Қашаған кен орнының операторлық серверлері.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу