Қазақстан экономикасына қатысты әлемдік агенттіктер түрлі болжамдар жасауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан экономикасына қатысты әлемдік агенттіктер түрлі болжамдар жасауда

28.04.2020

Биыл елдегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 1995 жылғы деңгейге дейін түсіп кетуі мүмкін. Қазақстанда 22 жылдың ішінде экономикалық өсудің теріс көрсеткіші тіркелуі мүмкін деген бұл болжамды AERC қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының мамандары айтып отыр. Қаңтарда ел Үкіметі биылғы жылдың экономикалық өсімі 4,7 пайыз болады деп жоспарлаған. Алайда, ұлттық экономика минситрлігі коронавирус дағдарысын ескеріп, осы айдың басында болжамды өзгертті. Енді жалпы ішкі өнім 0,9 пайызға кемиді деп отыр. Ал халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасын бұдан қиын рецсеция күтіп тұр дегенді айтады. ЖІӨ минус 2,5 пайызға дейін кемуі мүмкін. Салдарынан ЖІӨ көлемі 160 млрд долларға дейін төмендейді. Оған негізінен үш фактор әсер етпек. Бірінші, жаппай әлемдік экономиканың төмендеуі, екінші, мұнай бағасының құлдырауы және мұнай мен газ өндірісінің кемуі экономикаға кері ықпал етпек. Мәселен, бұған дейін 90 млн тонна мұнай өндіріп келген елімізде бұл көрсеткешті биыл 76,2 млн тоннаға дейін төмендейді деген болжам бар. Бірақ S&P және Moody's рейтингтік агенттіктерінің бағалауынша, Қазақстан экономикасының дамуы биыл 3 пайыздық деңгейді сақтап қалады. Ал Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банк болжамдары бойынша бұл көрсеткіш 1-2 пайыздан кем болмайды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу