Парламент рақымшылық туралы заң жобасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент рақымшылық туралы заң жобасын қабылдады

02.12.2021

Парламент рақымшылық туралы заң жобасын қабылдады. Енді құжат Президент қарауына жіберіледі. Ішкі істер министрінің мәліметінше амнистияға 14 мыңдай адам ілігеді. Бұдан бөлек елімізге экстрадицияланғандарға да рақымшылық қарастырылған. Қазір бізбен тікелей байланысқа әріптесім Нысаналы Ығыл шығады.

Нысаналы Ығыл, тілші:
Иә, түзеу мекемелерінен 1 мыңға жуық адам босаса, тағы 4 мыңдай адам пробация қызметі тізімінен шығады. Сондай-ақ елде шет мемлекет сотының үкімімен сотталған 35 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. 31-і Ресейде, қалғандары Белорусь және Қырғызстанда істі болған. Солардың ішінде рақымшылыққа тек қана бір адам ілігіп отыр. Ол 4 жылға ауыр қылмысы үшін сотталған еді. Сол мерзімінің 3 жылы өтіп, 1 жылы қалған.


Хабарламаларға жазылу