Кілем фабрикасы пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кілем фабрикасы пайдалануға берілді

15.02.2014
Кілем фабрикасы пайдалануға берілді
 
 
Бағасы арзан болады. Ресейге, Украинаға, Беларусь Республикасына сату жоспарымызда бар. Өйткені Кеден одағы болғаннан кейін өте қолайлы.
Жаңа фабрикаға алынған 100 жұмысшының дені - жергілікті тұрғындар. Ал, Әсет, Түркияға арнайы барып, заманауи техниканың қыр-сырын меңгеріп келген 6 маманның бірі. Бұған дейін құрылысшы болған азамат жұмысым өзіме ұнайды, дейді.
Әсет Тұрғанбаев, зауыттың операторы:
 
 
Әзір 30 пайыздайы істеп жатыр. 1 аптаның ішінде 100 пайыз қуаттылығына шығады. 75 адам жұмысқа тартылып, жасап жатыр. Толық қуаттылығына шыққан кезде 250 адамға жетеді.
Жалпы индустрияландыру картасы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында 170 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 65 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу